• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Шілде, 2020

Елордада бетперде тағу жөнінде халықтан блиц-сауалнама алынды

513 рет
көрсетілді

Әкімдіктің баспасөз қызметі елорда тұрғындарынан блиц-сауалнама алып, барлығы дерлік бетперде тағып жүргеніне көз жеткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Мен үш рет жүрегіме ота жасаттым, сондықтан ауруды бірінші кезекте мен жұқтыруым мүмкін. Өмір сүргім келеді, сондықтан бетперде тағамын. Басқаларға да кеңес беремін", дейді серуенге шыққан зейнеткер.

"Қазір вирус ауа арқылы тарайды. Мен жақындарыма, өзіме жұқтырып алғым келмейді", деп қысқа және нақты жауап берді қала тұрғындарының бірі.

"Менің ойымша, далада жүріп, жақын жерде ешкім болмаса, бетперде тақпауға болады. Ал қоғамдық орындарда міндетті түрде тағу қажет. Бұл – әлеуметтік жауапкершілік!", деп сенімді жауап берді азаматша.

"Әрине, өзіңіз үшін де, басқалар үшін де өте қажет! Ауруханаларда көптеген адамдар жатыр. Бірақ бұл өтпелі кезеңді еңсеруіміз керек. Қала, ел болып бірге жеңуді тілеймін", деп оптимистік пікір білдірді тағы бір сауалнама қатысушысы.

Байқағанымыздай, респонденттердің көпшілігі гигиена мен санитария нормаларын сақтау талаптарына түсіністікпен қарайды және оларды ұстанады. Адамдар қазір бұның өмірлік қажеттілік және туыстар мен достар алдындағы әлеуметтік жауапкершілік екенін түсінеді. Естеріңізге сала кетейік, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, тұрғындар үшін қорғаныс бетперделерін ғимараттарда, сондай-ақ көлік пен көшеде тағып жүру міндеттелген. Бұл ретте аталған тармақ адамдарды талапты орындауға міндеттейді және бұзылған жағдайда кінәлілерге әкімшілік шаралар қолданылады. Нұр-Сұлтан әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан гигиена және санитария нормаларын (бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қоғамдық орындарға бармау) сақтауды сұрайды.