• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2020

Қазақстанда тәулігіне 1 млн маска шығарылады

117 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

"Қазақстанда тәулік сайын бір миллион маска шығарылады. Алдымен медициналық ұйымдар мен алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер қамтамасыз етіледі. Қазақстанда өндірілетін маска көлемі азаматтарды қамтамасыз етуге жетеді деп ойлаймын. Өңірлерде қосымша көпреттік маскалар шығарылып жатыр. Бұл жөнінен проблема туындамауы керек", - деді ол. Ералы Тоғжанов маска тағу бойынша жауапкершілікті арттыру керегін айтты.

"Бүгінде бір-бірімізді қорғау қажет екенін түсіну керек. Біз өмір бойы маска тағып жүрмейміз ғой. Бұл уақытша шара. Адамдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе болып отыр. Ата-анасы мен жақындарынан айырылған адамдардың көз жасы туралы ойлау керек. Бұл мәселе бойынша бірлесе жұмыс істеуміз керек", - деді ол.