• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Шілде, 2020

Тұлпар көпірінің астындағы бұрылыс 2 тамызға дейін жартылай жабылды

181 рет
көрсетілді

Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Тұлпар көпірінің астындағы бұрылыс жолында құрылыс жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 30 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.