Полиция қызметкерлері құрбандыққа шалынатын малдың Атырау қаласына кіргізілмеуін қадағалап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл үшін "Атырау-Астрахань", "Атырау-Орал", "Атырау-Доссор", "Атырау-Индер" бағытына қатынайтын жолдардың Қараөзек, Береке, Ақжар ауылдары мен телемұнара тұсына мобильді бекеттер қойылды. Сондай-ақ мұндай мобильді бекет бірі Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Аққала елді мекенінің маңында да тұр.
Азаматтарды облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған шектеулерді, Құрбан айт мерекесі күндері іс-шараларды өткізуге тиым салу туралы қаулы талаптарын орындауға шақырамыз. Бұған дейін жарияланған пандемия жағдайында құрбандық шалу алгоритмін сақтау керек", деді облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.