• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2020

Қымбат көліктерге зақым келтірілді

317 рет
көрсетілді

Петропавлдың көптеген жүргізушілерінде тар жерде қатты жүру, жылдамдықты шамадан тыс асыру жиі болып тұрады. Қаланың бір шетінен екіншісіне көп болса 20 минутта жетуге болатын шағын қалада жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырушылар көбінесе алгогольді ішімдік татып алғандардың кесірінен болуда, - деп жазады Egemen.kz

Күні кеше жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде екі жолаушы зардап шекті және жолдан тысқары жерде тұрған көліктерге зақым келтірілді. Оқиға сағат 21 шамасында Жамбыл мен Партизан көшелерінің қиылысында болған. ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Nissan Qashqai көлігімен соқтығысудан жалтарамын деп рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кетіп, оның ар жағында тоқтап тұрған қымбат шетелдік көліктерді соққан. Нәтижесінде ВАЗ көлігінің 2 жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алды. Ал тоқтап тұрған Toyota Land Cruiser мен Hyundai көліктеріне механикалық зақымдар келтірілген. ВАЗ-дың өзі де қатты зақымданған. Бір қызығы жүргізушіге берілген медициналық анықтама оның арақтан сау болғанын көрсеткен. Қазір іс процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына тапсырылған. Сап-сау жүргізушінің тар жерде жол тәртібін бұзғандығының сыры әзірге белгісіз.

Бір қызығы дәл сол қиылыста шамамен кешкі сағат 23-де "Audi" автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant көлігімен соғылған. Бұрын да осы жерде көп апат болатындықтан маусым айында құқық бұзушылықтарды тіркейтін "Мираж" автоматтандырылған жүйесі орнатылған болатын. Бірақ соған қарамай бір айдың ішінде аталған учаскеде жылдамдықты асырудың 60-тан астам фактісі тіркелген. Жалпы, "жыл басынан бері облыста 98 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 13 адам көз жұмып, 129-і жарақат алды", - дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

ПЕТРОПАВЛ