• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Олимпиада алауы «Байқоңырға» аялдады

280 рет
көрсетілді

Кеше Сочи-2014 қысқы Олимпиялық ойындарының алауы жолынан ауытқып, Қазақстанның Байқоңыр қаласына бір күнге аялдады. Бұған бұл қаланы Ресейдің жалға алып отырғаны ғана емес, осында ғарыш айлағының болуы да себеп болды.

 

Кеше Сочи-2014 қысқы Олимпиялық ойындарының алауы жолынан ауытқып, Қазақстанның Байқоңыр қаласына бір күнге аялдады. Бұған бұл қаланы Ресейдің жалға алып отырғаны ғана емес, осында ғарыш айлағының болуы да себеп болды.

Сырдария жағасындағы жердің кіндігі іспеттес елді мекенге отты шығыршық халықаралық ғарыш стансасына сапар шегетін жаңа экипаж мүшелерімен бірге Ан-12 жүк ұшағымен жеткізілді. Содан кейін ол 254 ұшыру алаңындағы «тазалық бөлмесіне» апарылып қойылды. Осы жерде негізгі алаудан тұтатылған тағы бір тұғыр сосын «Союз ТМА -11М» ұшқыш корабліне салынады. Онымен халықаралық ғарыш стансасына іске қосылған күні жаңа экспедиция аттанады.  

«Союз» пилотты ұшағының халықаралық ғарыш стансасында жаңа экипажбен кездесуі 7 қарашаға белгіленген. Экипаждың құрамында Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, НАСА астронавты Ричард Мастраккио және жапон ғарыш агенттігінің астронавты Коити Ваката бар.

Ал Олимпиада алауын ашық ғарышқа халықаралық ғарыш стансасы бортынан қазір стансада жүрген ғарышкерлер Олег Котов пен Сергей Рязанский 9 қараша күні алып шығатын болады.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар