• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Әбіләзовтің әріптестері тағы 1,5 миллиард теңге ұтылды

356 рет
көрсетілді

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік трибуналы «KT Asia Investment Group B.V.» (KT Asia) компаниясының талап-арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Бұл туралы деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары елдің Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік трибуналы «KT Asia Investment Group B.V.» (KT Asia) компаниясының талап-арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Бұл туралы деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары елдің Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«KT Asia» компаниясы Нидерландта тіркелген және Мұхтар Әбіләзовтің формальді түрде әрекет ететін және нақты коммерциялық қызметті жүзеге асырмайтын фирмасы болып табылады. Талапкер Республиканың оған формальді тиесілі БТА Банк АҚ-та миноритарлы акциялар пакетін ықтимал ұлт меншігіне алғанын мәлімдеді.

«Талаптардың сомасы 1,5 млрд. АҚШ доллары шамасында болды. Осы төрелік талқылау 2009 жылы ИДРХО Конвенциясы және Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі ара­сындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің шарттары негізінде басталды. Қазақстанға қарсы төре­лік талқылау толығымен Мұхтар Әбіләзовпен қаржыландырылды. Қызметінің уақыты ішінде «KT Asia» компаниясы БТА Банкінің акцияларын және әкімшілік шығындарды өтеу үшін қаражаттары бар банк шотын ғана иеленді, талапкердің басқа активтері болмады», – делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасы «KT Asia» ком­паниясы активтерді біреуінен басқасына өткізу үшін қырнаулар ретінде пайдаланылған Әбіләзовтің бірқатар компаниялар тобына кіргенін паш ете алды. Трибунал БТА Банктің оған қарсы талап-арызы бойынша жүздеген компанияларын тізімдейтін актив­терді шектеу туралы ағылшын сотының сот шешімі осындай тәжірибенің ауқымын көрсететіндігін белгіледі», – деп атап көрсе­те­ді ведомство.

Сонымен қатар, «KT Asia» компаниясы БТА Банктің акцияларын нарық құнынан жеті есе кем бағасына Әбіләзовке тиесілі болған екі сатушы-компаниялардан алған қарыз есебінен сатып алды.

Қарыз сомасы және ол бойынша пайыздар төленбей қалды. Оның орнынан қарыз есептен шығарылып, «KT Asia» компаниясының қарызынан арылу мақсатымен осы екі компания таратылды.

Сөйтіп талқылау шегінде Әбіләзов БТА Банк акцияларының 75,18 пайызы әртүрлі юрисдикцияларда құрылған бірқатар бөлек компаниялар арқылы иеленгенін мәлімдеді. Әр осындай компания БТА Банктің акцияларының 10 пайыз кемісін иеленді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзы­ретті органның жазбаша келісімін алмастан тұлға банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алмайды.

Алайда, Әбіләзов тиісті келісім алмаумен қатар мемлекеттік органдардан БТА Банктің ірі қатысушы екендігін әдейілеп жасырды. «Өз шешімінде төрелік трибунал «KT Asia» компаниясы инвестицияларды иеленбегенін және БТА Банкке үлес қоспағаны туралы Қазақстан Республикасының ұстанымымен келісті.

Осылайша, «KT Asia» компаниясы және Қазақстан Республикасы арасында инвес­тициялық даудың жоқ болуына байланысты, Трибунал талапкердің талаптарын қарау бойынша юрисдикциясының жоқ екен­дігін мойындады және осы талап-арызды қарауды тоқтатты», – деп түйінделген баспасөз парақшасында.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар