Төтенше жағдайлар комитетін ересек адамдардың қарауынсыз қалған балалардың қаупсіздігі алаңдатады. Мәселен, 2020 жыл басынан бастап (2020 ж. 31.07.жағдай бойынша) көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 75 бала құлады. Осы фактілер тіркелген кезде 7 бала көз жұмды, ал қалған 68 бала ауруханаға жатқызылды.
Оқиғалар Нұр-Сұлтан (15), Қарағанды (13), Батыс-Қазқстан (6), Алматы қ. (6), Шығыс Қазақстан (6), Қызылорда (5), Атырау (5), Жамбыл (5), Қостанай (3), Ақмола (2), Ақтөбе (2), Павлодар (2), Алматы (2), Маңғыстау (1) облыстарында, Шымкент қ. (1) орын алды.
2019 жылы 2-ден 13 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлаған 100-ден астам оқиға орын алды.
Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет.
1. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, себебі назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.
2. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау – балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды.
3. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатыңыз.
4. Баланың терезе астына кірмеуі және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймаңыз.
5. Балалардың терезе алдына шықпауы үшін жиһазды терезеге жақын жерге қоймаңыз.