• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қаржы 03 Тамыз, 2020

Нарық теңгедегі екі жылдық мерзімді салымдардың мөлшерлемелерін түзетті

169 рет
көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қыркүйегіне ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

24 айға арналған мерзімді депозиттерді қоспағанда, теңгелік депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелер тамыз айындағы деңгейінде қалды. Нәтижесінде қыркүйекте мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлеме жылына 9%-ды құрайды. Бұл Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес келеді. Айта кетелік, базалық мөлшерлеме ақша құнының экономикадағы негізгі бағдары болып табылады.  

Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер – 9,0 пайызды, ал толықтыру құқығы жоқ түрі бойынша – 9,5 пайызды құрайды. Дәл осындай мерзімдерге шақталған жинақ депозиттердің толықтырылатын түрі бойынша мөлшерлемелер – 10,0%, толықтырылмайтын түрі бойынша – 10,5%.

Мерзімі 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Олар бойынша орташа есептелген нарықтық мөлшерлемелер бекітілген шектен жоғары деңгейде қалыптасты. Сондықтан ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме ретінде бұған дейін бекітілген шектің мәні қабылданады, ол – 14% (базалық мөлшерлеме плюс 5 п.т).

Қыркүйек айына бекітілген шекті мөлшерлемелер арасында жалғыз өзгеріс 24 айлық мерзімді салымдардың толықтырылатын және толықтырылмайтын түрлері бойынша байқалады.Мұнда мөлшерлемелер орташа есептелген нарықтық сыйақылардың төмендеуі салдарынан қайта қаралды. Нарықтық мөлшерлемелер банктердің тиісті депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелердің серпіні негізінде есептеледі.

Атап өту керек, 24 айды қамтитын мерзімді салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі ұзақ уақыттан бері байқалуда. Яғни, банктердің жинақ депозиттермен салыстырғанда мерзімді салымдардың бұл түрін тартымды етуге деген қызығушылығы төмен.

 

Депозиттер санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

 

2020

Тамыз

2020

Қыркүйек

2020

Тамыз

2020

Қыркүйек

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,4

10,4

11,1

11,1

24 ай

8,7

8,6▼

9,5

9,4 ▼

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

11,9

11,9

14,0

14,0

24 ай

11,8

11,8

13,8

13,8

 

АЛМАТЫ