Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.
Жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазиннің сөзінше:
- Біз дәріханаларға мониторинг жүргізуді тамыз айында да жалғастыратын боламыз. Бастапқыдай емес ыстық түсіретін дәрілер мен вирусқа қарсы препараттарды дәріхана сөрелерінен байқауға болады. Ендігі кезекте тағы бір мәселе ыстық өлшейтін құралдардың жеткіліксіздігі болып отыр. Дәріхана қоймасының жауапты өкілінің сөзіне сенсек жуық арада келетінін айтты.
Өздеріңіз білетіндей, жобалық кеңсе дәрілік заттармен қамтамасыз ету, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау, сондай-ақ шет елдерден гуманитарлық көмектің келіп түсуі мен таратылуын бақылауда ұстауда.
Осыған байланысты, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалу немесе жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі).