• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Тамыз, 2020

Бес баланы құтқарды

129 рет
көрсетілді

Павлодарлық өрт сөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде бес баланы құтқарды.

Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі өрт туралы хабарлама өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай пультіне 1 тамыз күні таңғы сағат 5-те келіп түскен. Бір бөлмелі пәтердің ас бөлмесіндегі 4 шаршы метр аумақта үй заттары мен тұрмыстық техника жанып кеткен. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртті сағат 05:40-та сөндірген. Өрт сөндірушілер өрт болған подъезден 8 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін осы үйдің 1990 жылы туған тұрғыны түтінді шығару үшін терезені сындырып, қолын жарақаттап алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен оған келтірілген шығын анықталуда.