Қашықтан оқу форматында 2,6 млн оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде. Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
"Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елдегі санитарлық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқу форматында басталады. Қабылданған шешімге сәйкес бұл жерде екі ерекшелік бар. Біріншіден, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады", деді А. Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, бұл жағдайда балалар тек бір кабинетте бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта, сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады.
"Кезекші сыныптарға өтініштер қолжетімді байланыс құралы арқылы электронды түрде қабылданады. Сонымен алдын-ала болжам бойынша интернет платормалары мен интернетті пайдалана отырып, қашықтан оқу форматында 2,6 млн оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде", деді министр.