Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 4-10 тамыз аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Сонымен қатар 4-10 тамыз аралығында Алаш тас жолындағы көпірден Жолымбет көшесіне дейін көлік қозғалысын жартылай жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
"Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.