• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Тамыз, 2020

Перу мен Колумбия елдерінде жағдай күрделі

294 рет
көрсетілді

Пандемия Латын Америкасы елдеріне оңай жүк болмай тұр. Әсіресе Колумбияға тырнағы қатты батып отыр, деп жазады Egemen.kz

Елдің Денсаулық сақтау министерлігінің Twitter-дегі парақшасында 11 017 колумбиялықтың көз жұмғаны туралы жазылған. SARS-CoV-2 тек соңғы 24 сағат ішінде 367 пациенттің өмірін қиып, жаңадан 10 199 адамның вирус жұқтырғаны анықталған.

Оңтүстік Америкадағы тағы бір ел – Перуде 433 100 жанның COVID-19 жұқтырғанын  Денсаулық сақтау министрлігінің сайты жазған. Сақтық шаралары мен шектеулерге қарамастан жаңадан вирустың ілмегіне соңғы тәулікте тағы да 4250 перуандық ілініп, 197 адам дүние салыпты. Вирус кесірінен демі тоқтағандар саны ел бойынша  20 мыңға  таяу, нақтылайтын болсақ 19 811.