Бразилияда пандемия басталғалы 2 750 318 адам вирус жұқтырғаны жайлы REGNUM хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазір бразилиялықтар түгіл, әлем жұртшылығы бұл елден келетін әр мәліметке елеңдейтін болар. 210 млн халқы бар, өмірі бір қайнап жатқан қызу тірлік – карнавал, би, әнмен көзге елестейтін Бразилияның SARS-CoV-2 патшалық құруымен тіршілігі мүлде өзгерген. Кешегі күні тағы да 16 164 бразилиялықтың ауру жұқтырғаны мәлім болды. Өткен айдың соңғы тәулігінде ел президентінің жұбайы Мишель Болсонаруды да SARS-CoV-2 айналып өтпегені жазылған еді.
COVID-19 Бразилияны құрсауынан босатар емес, бүгінгі күнге дейін 94 665 адамның мына дүниедегі тыныс тіршілігін тоқтатқан тажал індет елді қатты алаңдатып отыр.