Бұл жайында Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Індет әлемге тарағаннан бері Израильде SARS-CoV-2-ні жұқтырған 74 903 адам анықталған. 3 тамызда коронавирус инфекциясынан 10 адам көз жұмса, COVID-19-дың және оның салдарынан өршіген аурулардан 546 израильдіктің демі тоқтаған.
Тек өткен тәулікте жаңадан 801 адам вирус жұқтырып, дәрігерлердің жіті қарауындағы 24 600 паценттің 333-нің жағдайы ауыр күйде көрінеді.