• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 04 Тамыз, 2020

Елордада цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

354 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанды цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде – инженерлік желілер, ғимараттар, жер учаскелерінің 40%-дан астамы цифрландырылды. Қаланың 3D моделін құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Геоақпарат орталығын құру инженерлік желілердегі жүктемені көруге, қала құрылысы процестерін болжауға және модельдеуге, бос жер учаскелерінде заманауи база құруға, ұтымды пайдалануға, мақсатына сай пайдаланылмаған учаскелерді алып қоюға және т.б. мүмкіндік береді. Геоақпараттық орталық құру жұмыстары Astana Innovations АҚ және KazAeroSpace ЖШС-мен бірлесіп жүргізілуде. Елорданы цифрландыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында.

"Жасалып жатқан жұмыс өте өзекті. Қағаздағы деректер әрқашан нақты суретке сәйкес келе бермейді. Мамандар жол жөндеуді, кәріздер салуды және т.с.с. бастағанда, қағазда көрсетілмеген кабельдерге зақым келтіреді. Нақты режимде цифрландыру қаланы барлық инженерлік желілерімен қоса жоғарыдан да, төменнен де көруге мүмкіндік береді. Мысалы, инженерлік желілерді цифрландыру желідегі жүктемені көруге мүмкіндік береді. Бұл қуаттылықты уақтылы арттырып, жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жаңа нысандарды инженерлік желілерге қосу процесін жеңілдетеді. Цифрландыру сонымен қатар қала құрылысы процестерін модельдеуге және мектептер, балабақшалар, ауруханалар, жекелеген аудандардағы мектептермен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәліметтерді болжауға мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар KazAeroSpace ЖШС-нің бас директоры Бағлан Қазиевтің айтуынша, геоақпараттық орталықтың құрылуы иелер арасындағы жер учаскелерінің шекараларына қатысты дауларды шешуге, мақсатты пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе табиғи және техногендік жағдайларды, қаланың инфрақұрылымын модельдеуге мүмкіндік береді: бұлар кәріз жарылыстары, апаттар, қаланың су басу қаупі бар аудандары. Осыған байланысты модельдеу арқылы сіз төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне алдын ала дайындала аласыз. Сондай-ақ инвестициялық карта қол жетімді болады – кәсіпкерлер нені және қай ауданда ашу керек екенін көре алады.