Әзербайжан билігі Бакумен қоса елдегі 13 қала мен ауданда карантинді тамыздың аяғына дейін созуға шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ағайынмен аралас-құраластығы үзілмейтін әзербайжан бауырлар енді тәртіпке бағынып, амалсыздан туысына бармайтын болды. Ауруханада жатқан жақынының көңілін сұрап кіріп шығуға, мемлекеттік орындарға баруға болмайтынын айтқан тиымда, карантин енгізілген қалалар мен аудандарда жүріс-тұрыстың шектелетіні хабарланды.