• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2020

Сырдариядан балық аулаған браконьер ұсталды

618 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері Сырдариядан балық аулаған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу  және алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Түркістан облысы ПД-нің  полицейлері браконьерлік және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

Мысалы, 4 тамызда Мақтаарал ауданында түнгі рейдтер барысында Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Мақтаарал АПБ табиғат қорғау инспекциясымен бірлесіп Сырдария өзенінің жағасында заңсыз балық аулаған екі браконьерді ұстады. Тәртіп сақшылары ұсталған  Келес ауданының тұрғындары моторлы қайық пен “қытай торлары” арқылы заңсыз балық аулағанын анықтады. Полиция қызметкерлері күдіктілерден қайық және  балық аулау құралдарын, 20 келіге жуық заңсыз ауланған сазан, мөңке және көксерке балықтарын тәркіледі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі “Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.