"Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Промышленный" тұрғын алаптары тұрғындарының назарына (Тілендиев даңғ.- Көктал көшесі - Бөкеев көш. теміржол жолы шегінде): осы фронт-офистерде аталған тұрғын алаптардың тұрғындары үшін газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру рәсімі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Фронт-офистер 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Болашақ 4/2 (Көктал-1), Ж.Жабаев к-сі, 12 (Железнодорожный) мекен-жайларында жұмыс істейді. Фронт-офистердің жұмыс уақыты 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Сондай-ақ аталған мекенжайларда газдандыру жұмыстары кезінде бұзылған абаттандыруды қалпына келтіруге өтінімдер қабылданады. Фронт-офистерде қала және аудан әкімдігі, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өкілдері мен мердігерлердің жұмысы ұйымдастырылған. Газдандыру мәселелері туралы ақпарат қала әкімдігінің astana.gov.kz сайтында, 109Ikomek телефоны бойынша қолжетімді.