Петропавлдың екі тұрғыны өздерінің таныстарын 150 мың теңге ақша тауып беруге мәжбүрлеген. Полицияның қысқа ақпаратына қарағанда олар 1982 және 1989 жылы туған, бұрын бірнеше рет сотталғандар. Таныстарынан не себепті ақша талап еткені және бұл істе қару қолданғаны, күш көрсетілгені айтылмайды. Тек екі күдікті криминалдық полицияның күшімен кеше қаланың Жамбыл және Попов көшелерінің қиылысында ұсталып, құрықталғаны ғана айтылған, - деп хабарлайды Egemen.kz
Жәбірленуші күдіктілердің өзінен ақша талап етуі жөнінде өткен жылдың желтоқсан айында полицияға айтқан. Күдіктілер өзін қорқытып, 150 мың теңгенің сол кезде талап еткен екен. Ол сол кездің өзінде полицияға шағым берген. Бірақ содан бері күдіктілер бостандықта болып, тек кеше ғана ұсталған.
Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, өздері тергеу оқшаулағышына қамалған. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда осындай үш қылмыс тіркелген екен. Соның біреуі сотқа жөнелтілген.
ПЕТРОПАВЛ