• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Тамыз, 2020

«Жаз әуендері» – жаңа жоба

300 рет
көрсетілді

Биылғы жаз маусымының бір ерекшелігі жұрт сарша тамызды жылдағыдай жағажайларда емес, көбісі үй жағдайында үнсіз өткізіп жатыр. Әрине табиғатпен етене бірге адам жанының бұлай шектелуі өте қиын жағдай. Бұл ретте руханият айдыны осы олқылықтың орнын толтырып отыруы заңдылық.

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Жаз әуендері» жобасы жүзеге асырылды деген жылы хабарды көзіміз ша­лып қал­ды. Қазақстандықтарға облыс­тық концерттік ұйымдардың үз­дік кон­церттері жинағын ұсынуға бағыт­талған аталмыш жоба ағымдағы жыл­дың 24 шілдесі күні Ақтөбе облысы өнерпаз­дарының  концертімен бастау алып­ты.

Жалпы, әлемдік коронавирус пан­демиясы кезінде YouTube арна­сы­ның алдына жиналған жұрттың көбей­генін байқау қиын емес. Арна өз көрермендеріне рухани дем беру­де біршама жұмыс атқарып отыр. Каран­тин кезінде қазақстандық үздік шығармашылық ұжымдардың өнерін қолдау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өнердің түрлі жанрларын кеңі­нен дәріптеуде Қазнет қадам­дарының бұл бағытта жемісті екенін айта кетуіміз керек.

Жоғарыдағы жоба да осы алаң арқылы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы Кон­церттік-гастрольдік қызмет орталы­ғының жұмысын жандандырып отыр.

Бүгінге дейін 15 өңірдің филармониялары жанындағы шығармашылық ұжымдардың онлайн-концерттері Министрліктің осы YouTube арнасы арқылы көрсетіліп, көрермендерге ұсынылған. Жоба тамыз айының соңына дейін жалғасып, оған 30-дан астам концерттік ұйымдар тартылады деп күтілуде екен.

Ең қызығы, жобаның жүзеге асырылуы барысында қаралым жөнінен өңірлердің өзара бәсекелесуі де бай­қалады. Мәселен, Қызылорда, Ал­маты, Шығыс Қазақстан облыс­тарының филармониялары ұсынған онлайн-концерт көрермендерінің белсенділігі осы уақыт аралығында айтар­лықтай артқан.

Концерттік-гастрольдік қызмет орталығы жаңа жобаны әлеуметтік желі тетіктері арқылы алдын ала жар­­­на­малап жолға қойғаны да өнер­паз­дардың шабытын арттырған сы­ңайлы.

Есепті мерзімге қарасаңыз кон­церттердің онлайн-көрсетілім­дерін 4 000-нан астам адам тамашалап, оң пікірлерін қалдырған.

Бұл дегеніңіз, бір мезетте төрт мың адамдық зәулім залды толтырып аншлагпен концерт бергендей үлкен жетістік.

Шапалағын шыны экранның ар жағынан соғып отырғаны болмаса тыңдармандардың көңіліне бұл да болса жаз шуағын сыйлап отыр.