Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғаны байқалғанын хабарлайды.
Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 мм құрады, ал бір айдағы норма 7 мм.
6 тамызға қараған түні Ақтау қаласының өзінде найзағай ойнап, қатты нөсерлі жаңбыр байқалып, 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, ал бір айдағы норма 6 мм.