Twitter әлеуметтік желісі коронавирус туралы жалған мәлімдемелері бар бейнеге байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясының аккаунтын уақытша бұғаттады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін коронавирус туралы жалған ақпаратты таратумен күресуді және жалған мазмұнды жоюды шешкен Facebook бұл бейнені Трамптың парақшасынан өшіріп тастады. Видеода АҚШ басшысының Fox News телеарнасына берген сұхбатының үзіндісі бар. Сұхбатта Трамп балалардың "COVID-19-ға қарсы иммунитеті бар" деп мәлімдеді.
Twitter өкілі бұл бейне "Twitter-дің COVID-19 туралы жалған ақпарат ережелерін бұзады" деп мәлімдеді. Аккаунт иесі твитті өшіруі керек, содан кейін ғана ол хабарламаларды қайта жариялай алады.