"Астана Про Тим" командасы италиялық "классика" саналатын "Милан-Сан Ремо" додасына қатысады, - деп хабарлады Оlympic.kz.
Команда құрамы: Алексей Луценко, Алекс Аранбуру, Горка Исагирре, Омар Фраиле, Давиде Мартинелли және Мануэле Боаро.
Команданың спорттық директорлары: Стефано Занини Джузеппе Мартинелли. Милан – Сан-Ремо - жыл сайын Милан мен Сан-Ремо арасында өткізілетін бір күндік веложарыс.
Жарыс қашықтығы 298 шақырымға тең және бұл қазіргі велоспорттағы ең ұзақ біркүндік дода саналады.