• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Тамыз, 2020

Э.Макрон Бейрутке халықаралық қаражат жинау туралы мәлімдеме жасады

150 рет
көрсетілді

Франция президенті Эммануэль Макрон Бейруттегі жарылыстан зардап шеккен адамдарға халықаралық қаражат жинау туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ливан астанасына сапары барысында жақын арада француз тарапы АҚШ-пен, Еуроодақ және Таяу Шығыс елдерімен конференция ұйымдастыратынын айтты. Кездесуде жергілікті тұрғындардың азық-түлік, медициналық және басқа да қажетті қажеттіліктері үшін ақша жинау жүргізіледі.

Айта кетейік, Макрон қайғылы оқиға орнына алғашқы шетелдік көшбасшылардың бірі болып ат басын бұрды. Ол қалалық порттың қираған ауданына барып, әріптесі Мишель Аунмен кездесті. Бұған дейін Бесінші республика Ливанға 50 құтқарушы және 6 тонна гуманитарлық жүк тиелген үш әскери ұшақ жіберді.