• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 07 Тамыз, 2020

Өткен тәулікте 23 табиғи өрт және дала жануы орын алды

679 рет
көрсетілді

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылғы 6 тамызда өткен тәулікте республика бойынша 3 табиғи өрт және 20 дала жануы оқиғасы тіркелді.​

Қостанай және Павлодар облыстарындағы 2 табиғи өрт, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарындағы 9 дала жану ТЖК бақылауында, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде жанудың жалпы ауданы 440 га құрады. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.