Бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ауруханаларда қосымша төсек орындарын жасақтау жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, жансақтау бөлімдерін кеңейту іс-шаралары күн тәртібінде тұрғанын айтып өтті. Бұған қоса, кезекті коронавирустық инфекцияның екінші толқынына арналған болжам да әзірленіп жатыр.
Осы орайда, шілде айында індетпен ауырған науқастарға алдын ала есептеу жүргізіліп, ауруханалардың төсек орын саны мен жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары жөнінде болжамдар жасалған.
Людмила Бюрабекова: "Алқашқы болжамда тек коронавирустық індетпен ауыратын науқастарды ғана есепке алған. Ал тамыздың 1-інен бастап елімізде коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілген болатын. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып жатқанын қоса кетті".
Сондай-ақ вице-министр жаһан бойынша пандемияның екінші толқыны күзде болатыны туралы айтып өтті. Екінші толқынға дайын болу үшін болжамдарды дұрыс әрі нақты әзірлеу керектігін мәлімдеді. Таяу арада арнайы жоспарланған құжатты жариялайтынын нақты айтты.