Онлайн брифингте қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың төмендегені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
"Бір айда Алматыда коронавируспен сырқаттанудың күн сайынғы өсімі 4,2%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Аурудың өсу кезеңінде 1 адамнан 4 адамға дейін жұқтыруы мүмкіндігі байқалды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 0,9%-ға дейін төмендеді. Бұл аурудың және індет жұқтырушылардың азайғандығын көрсетеді", деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
7 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның 12 997 жағдайы тіркелді, оның ішінде 7 897 расталған симптоматикалық және 5 110 асимптоматикалық жағдай.
Алматы қаласы ТҚБД ақпараты бойынша, жас құрамы бойынша сырқаттанушылық негізінен 20-29 жастағы адамдар арасында - 21,0%, 30-39 жастағы адамдар арасында - 20,6%, 40-49 жастағы адамдар арасында - 17,9%, 50-59 жастағы адамдар арасында - 18,5%, сондай-ақ 60 және егде тартқан жастағы адамдар арасында 17,7%-ды құрайды. Жандарбек Бекшин пандемияға қарсы тұру және жаңа толқынға дайындық үшін жұмыс жүйесі күшейтілгенін атап өтті.