Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Тельман шағын ауданы, Онтаев көшесінде Қошқар ата өзені бойынан Шымкент орталық мешіті мен қалалық "Зекет" қорының ұйытқы болуымен жаңа көпір ел игіліге берілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөө қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Игілікті шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жергілікті тұрғындарды құттықтады.
Айтулы шараға Абай аудандық мешітінің бас имамы Исмайл Панов, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және қалалық "Зекет" қорының өкілі Айбек Азимбаев, Азамат Әбдікерімұлы, "Шымкент" медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, ауыл ақсақалдары Умарбек Давронов, Еркелді Ходжаев, Балтабай Қалмұратов және Ибрахим Базшаев, Мейірхан Сұлтанбекұлы, т.б. қатысты.
Айта кету керек, жаңа көпірдің құрылысына (плита, асфальт төсендісі т.б. қажетті затарға) демеушлік жасаған Асылхан Қарсақбаев бауырымызға Алла разы болсын. Бұл кісі бұған дейін осы шағын ауданда "Дін Ислам" атты мешітті салып ел игілігіне берген болатын. Көпір салу жұмыстарына 1 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Көпір құрылысын арнайы маман Бақытжан Қасимов қадағалады.
Жаңа көпірдің ашылуы мен шағын елді мекен тұрғындары мешітке және мектепке баруына өте ыңғайлы болғанын және осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ризалықтарын білдірді.