• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Тамыз, 2020

Коронавирус вакцинасының алтауы клиникалық сынақтан өтіп жатыр

340 рет
көрсетілді

Әлемде 200-ден астам коронавирустық вакциналар жасалды. Олардың алтауы жетілдірілген сатыда –  клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр. "Бұл туралы  Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейюс Американың Аспен қаласындағы қауіпсіздік форумында онлайн-пікірсайыс барысында айтты. Оның қойылымы YouTube желісінде жарияланды", деп хабарлайды Egemen.kz

"Бізде 200-ден астам кандидаттық вакциналар бар, олардың алтауы клиникалық зерттеулерде өте жақсы сатыда", деді ол.

Бас директор коронавирустық вакцинаны әлем тұрғындары үшін болашақ вакцинаның болуын жақтап, коронавирустық вакцинаны "қоғамдық игілік" ретінде қарау керектігін баса айтты. Алайда ол "кез келген вакцинаны ғаламдық қоғамдық өнім ретінде қарау керек" деп жаһандық консенсус қажет деп түсіндірді. Егер вакцина барлығына қолжетімді болса, пандемиядан кейін әлемдегі экономикалық қалпына келтіру тезірек жүруі мүмкін", деді ол.

Қазіргі уақытта тиімді вакцинаға мүмкіндік туып тұр. "Бірақ клиникалық зерттеулердің нәтижелерінсіз біз вакцина бар деп айта алмаймыз",  деп қорытындылады ДДҰ басшысы.

ДДҰ басшысы тиімділік пен қауіпсіздік – коронавирусқа қарсы вакцинаның негізгі талаптары екенін айтты. Сондай-ақ ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламаның директоры Майкл Райан осы жиында Ресейде вакцинация қазан айында басталуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.

"Вакцина қауіпсіз және тиімді болуы керек. Кейде жанама әсерлер вакцинаны көптеген адам қабылдаған кезде ғана байқалады. Сондықтан адамның ағзасына қауіп төнбейтіні клиникалық жағдайда дәлелденген кезде ғана оны қолдануға рұхсат беріледі", деп сөзін түйіндеді Майкл Райан.