• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2020

Ертісте полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

1251 рет
көрсетілді

Павлодар облысының полицейлері ресейлік жедел уәкілдермен іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ертіс ауданының криминалдық полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтары тексерілді.

– Шаруашылықтардың бірінде ер адам полицейлердің назарын аударды, – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

– Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан шыққаны анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл ер адамды Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеуге салғаны анықталды. Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол – көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған. Мәскеу қаласының полицейлері осы факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша – жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстық іс қозғады. Біз іздестірудің бастамашысына іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау туралы хабарладық, – деп айтып өтті Үсенов.

Атап айтқанда, жыл басынан бастап Павлодар полицейлерімен қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 69 адамды анықтап ұсталды.