• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Тамыз, 2020

Юлия Путинцева АҚШ-та өтетін халықаралық бәсекеге қатысады

220 рет
көрсетілді

АҚШ-та өтетін Top Seed Open халықаралық әйелдер бәсекесіне қатысатын спортшылар анықталды. Бұл туралы olympic.kz хабарлайды, деп жазды Egemen.kz

Аталған турнир 10-16 тамыз аралығында Американың Лексингтон қаласында өтеді. Қазақстан атынан сынға түсетін Юлия Путинцеваның алғашқы қарсыласы анықталды.

Бірінші кезеңде ол Австралия өкілі Айла Томляновичке қарсы ойнайды. Айта кетелік, жарысқа қатысатын спортшылар қатарында әйгілі Серене Уильямс та бар.