Мексикада SARS-CoV-2 шырмауына түскендер саны соңғы тәулікте 4,3 мыңға артып, 480 278 адамға жеткені жайлы REGNUM жазады.
Бұл жайында елдің бас эпидемиологы Хосе Луис Аломиа баспасөз конференциясында мәлім еткен. Оның айтуынша SARS-CoV-2-ні жұқтыру азаймай тұр, 322 мың пациент жазылып шыққанымен вирус билік құрғалы 52 298 мексикалықтың демі таусылған көрінеді.