Роберт Кох атындағы институттың хабарлауынша Германияда вирус жұқтырғандар саны бір күнде 436 адамға көбейіп, ел көлемінде КВИ тіркелуі 216 мыңды құраған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Егер дәлдеп айтар болса, Германияда SARS-CoV-2 ілмегіне ілінгендер 216 327 адам. Вирус кесірінен кеше бір адам көз жұмып, ал пандемия басталғалы тіршіліктегі дәмі таусылғандар саны 9197 –ге жеткен көрінеді.
COVID-19-дың Бавария, Солтүстік Рейн-Вестфалия, Баден- Вюртемберг сынды федералдық аймақтарда өзге өңірлерге қарағанда көбірек тіркеліп отырғанын REGNUM ақпарат агенттігі жазады.