• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Абай 10 Тамыз, 2020

Елордада Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

422 рет
көрсетілді

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ мемлекет және қоғам қайраткері Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты жиынға Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли және Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдырахманов қатысты.

Айта кетейік, мұндай салтанатты рәсім еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.