• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Тамыз, 2020

COVID-19: Мадуро Төтенше жағдайды ұзартты

186 рет
көрсетілді

Венесуэла президенті Николас Мадуро COVID-19-ға қатысты елде жарияланған Төтенше жағдайды ұзартуға жарлық берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

10 тамызда "Venezolana de Televisión" телеарнасынан президент Мадуро ТЖ-дың әлі де 30 күнге ұзартылатынын, алайда тамыздың 10-нан бастап әр жеті күн сайын карантиндегі қатаң шектеулердің бірте-бірте босаңситынын айтқан. Ал эпидемиологиялық ахуалы күрделі аймақтарда, сонымен бірге ел астанасы Каракаста карантиндік шаралар өзге өңірлерге қарағанда баяу жүретініне тоқталды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне қарағанда бүгінде Венесуэлада 25 805 адам вирус жұқтырған.