9 тамызда Бразилияның Жоғарғы соты вирустан көз жұмған 100 мың отандасты еске алуға 3 күндік аза тұтылатынын жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғарғы соттың сайтында мұндай жағдайдың Бразилия тарихында бұрын соңды болмағаны, отандастарды жоғалтудың ауыр қайғы екені жазылған.
Латын Америкасындағы бұл елге COVID-19 салған тақсірет азаяр емес. Өткен тәуліктің ішінде тағы да 23 мыңнан адамға жұққан SARS-CoV-2 пандемия басталғалы 3 035 422 бразилиялықты тырнағына іліктірген.
Бүгін елде аза тұтудың екінші күні.