Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Қазақстанда КВИ жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап КВИ-мен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққандар саны 72 523 (72,9%). Стационарда 4713 адам ем қабылдауда, 20 937 адам амбулаторлық жағдайда емделуде", деді Б. Қожахметов.Науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69 адамның денсаулығы - өте нашар деп бағаланады. Жалпы 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.