• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2020

Шымкентте карантин кезінде 8 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді

200 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды" -деді ол.

Мониторинг жүргізілген нысандар қатарында 4548-і тағам нысандары болса, 3844 - коммуналдық нысандар.

Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады:

- карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың,сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы;- қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тысжұмыс жасауы;- қызметкерлердің, жұмысшылардың, тұрғындардың бетпердережимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.