Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Алмагүл Қайырлиева мәлім етті. Оқушыларды қажетті компьютермен қамту мәселесі қалай шешімін табады?
"Қазіргі уақытта 16 639 оқушыда компьютердің жоқтығы анықталып отыр. Осы мәселені шешу үшін мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беруді ұйғардық. Бүгінге дейін 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылды", - деді Алмагүл Қайырлиева.