• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Тамыз, 2020

Қазақстандық клубтар Жоғары хоккей лигасының биылғы маусымына қатыспайды

164 рет
көрсетілді

Қазақстандық үш команда Жоғары хоккей лигасының биылғы маусымына қатыспайды. Мұндай шешімді Қазақстан хоккей федерациясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, «Сарыарқа» (Қарағанды), «Торпедо» (Өскемен) және «Номад» (Нұр-Сұлтан) ЖХЛ-дың 2020/2021 жылғы маусымынан сырт қалады. 

Федерацияның мұндай қадамға баруына әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығы, коронавирс инфекциясының таралуы және мемлекеттік шекаралардан өту кезіндегі қиындықтар себеп болған. 

Бұл маусымды командалар Қазақстан чемпионатында өткізеді.  Өз кезегінде Ресей хоккей федерациясы әріптестерінің бұл шешіміне түсіністікпен қарайтынын жеткізді.