Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың ақпаратына қарағанда, Сенат депутатын сайлауға әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутатының 105-і қатысты. Олар үш кандидаттың арасынан лайықтыға таңдау жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың бірі Сағындық Лұқпановқа 86 дауыс берілді. Бұл барлық дауыстың 82,69% процентін құрады. Ал, өзге кандидаттар Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады" -деп хабарлады комиссия хатшысы Айнұр Аманжолова.