• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Тамыз, 2020

Павлодарда ҚР Парламенті Сенатына депутат сайланды

463 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында хабарланғандай, алдын ала нәтижелер бойынша сайлауда 81.97% дауыс жинаған Алтынбек Нұхұлы жеңіске жетті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Сайлауға түскен Олег Круг 9.29%, ал Гүлнар Қайдарова 8.74% дауыс жинады. Павлодардың Естай атындағы мәдени сарайында өткен Павлодар облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстың барлық 14 мәслихатының 187 депутаттан 183 депутат келді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Аманжолова атап өткендей, сайлау комиссиясы барлық жоспарланған іс-шараларды заңнамада көрсетілген тәртіпте және мерзімде өткізді. Сайлауға кандидат ретінде үш адам тіркелді. 

– Павлодар облыстық, Павлодар қалалық және Баянауыл аудандық мәслихаты ПМПУ ректоры Алтынбек Нұхұлын ұсынды, – деді Гүлнар Аманжолова.

"Завод Гофротара" ЖШС, өзін өзі жұмыспен қамтыған Олег Крук, "Агронесиелік корпорация" АҚ облыстық филиалының директоры Болат Аманжолов пен Тереңкөл ауданының әкімі Ернұр Айткенов сайлауға үміткер ретінде өзін өзі ұсынды. Барлық 14 мәслихат депутаттарының қолдарымен рәсімделген парақшаларды тапсырмаған Болат Аманжолов пен Ернұр Айткеновты кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.

Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін сайлау рәсімі еліміздің бас сандәрігерінің барлық ұсыныстарын ескере өткізілді. Айталық, таңдаушылар сайлау бөлмелерінде өз таңдауын бір реттік қаламмен жасады.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, химия ғылымдарының докторы Алтынбек Нұхұлы 1962 жылы 10 маусымда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сәтбаев атындағы ауылда дүниеге келген. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды үздік тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы Ресейдің Иваново қаласында лаборант ретінде бастады. Кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Ғылым және білім министрлігінде және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. Павлодар қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы депутаты. "Құрмет" ордені, "Құрметті ұстаз" медалі, "Павлодар облысы алдындағы еңбегі үшін", "ҚР ғылымы алдындағы еңбегі үшін" төсбелгілерімен марапатталған.