• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Тамыз, 2020

Елордада ұялы телефон ұрлаған дүкен қызметкерлері ұсталды

661 рет
көрсетілді

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық полицейлер электронды техника сататын "Сулпак" ірі сауда желісі дүкендерінің бірінің екі қызметкерін ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

28 шілдеге қараған түні екі қызметкер түнгі ауысымға түсіп, электр қуатының жоқтығын пайдаланып, қойма бөлмесіне ұрлық жасады. 9 дана "Айфон" маркалы және 11 дана «Самсунг» маркалы қымбат ұялы телефондар ұрланған. Ұрланған мүліктің жалпы құны 6 млн. теңге.

Тергеу барысында күдіктілер ұрлық жасағандарын мойындады. Айғақ заттар, ұялы телефондар олардың пәтерінен тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 2020 жылдың басынан бері ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылғанын еске салады. Енді мұндай қылмыстар үшін мүлікті тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған және татуласу мүмкіндігін жоққа шығарады.