Тексеру барысында 11 тамызда түнгі уақытта Ерімбетов көшесінде екі "Шашлык" және "Белый дом" дәмханалары жұмыс істеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Карантиндік шараларға қарамастан, мекемелер дәмді тамақ пен демалғысы келетін клиенттерді қабылдады. Мобильді топ келген кезде полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасында 11 клиент болды.
Сондай-ақ, Сарыарқа даңғылындағы Балқантау, "Асқар" көшелеріндегі "Кентау" дүкендері түнгі уақытта сағат 22.00-ден кейін анықталып, бас санитарлық дәрігердің қатаң карантиндік шаралар туралы қаулысының нормаларын бұзған.
Сонымен қатар, тексеріс барысында күндізгі уақытта Достық көшесінде орналасқан "Карима" мейрамханасы анықталды.
Сондай-ақ, астаналық саябақтардың бірінде балалар машиналарын жалға беру және балмұздақ сату бойынша жалға алушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 722 бұзушылық тіркелді, оның 487-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуы.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.