• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2020

Энергетикалық кәсіпорындар қысқа дайындалуда

461 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда энергетикалық кәсіпорындар алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Энергетика министрлігінде хабарлағандай, 2020 жылы 8 энергоблок, 59 қазандық, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Осы жылғы 10 тамыздағы жағдайға сәйкес 4 энергоблокта (барлық энергоблоктардың 50%-ы), 22 қазандықта (барлық қазандықтардың 37%-ы) және 13 турбинада (барлық турбиналардың 29%-ы) тиісті жұмыстар аяқталды.

Жөндеудің әртүрлі кезеңдерінде 2 энергоблокта, 26 қазандықта және 20 турбинада жұмыстар атқарылып жатыр. ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желілерін, сондай-ақ 429 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Бүгінгі күні 14 500 км электр беру желілері мен 327 қосалқы станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 56%-ын (желілер бойынша) және 74%-ын (қосалқы станциялар бойынша) құрайды.