• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Ғалымдар «Қар адамының» құпиясын ашты

290 рет
көрсетілді

Ұлыбританияда «Қар адамы» жүніне ДНК анализі жүргізілді. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.

Оксфорд университетінің басшылығы өз қызметкерінің зерттеу жүргізіп, «Қар адамының» құпиясын ашқанын мәлімдеп отыр. Ал осы істі қолға алған Генетик Брайан Сайкс Гималай тауынан табылған «иети» туралы мынадай шешімге келді. Ол «Қар адамы» жүнінің 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен, сирек кездесетін полярлық аюдың генімен сәйкес келгенін айтты. Осылайша «иетидің» адамға сәйкестігі жоқтығы анықталды. Енді Брайан Сайкс Гималай тауында альпинистердің үрейін ұшырып жүрген жануардың не екенін анықтап шығу үшін өз зерттеулерін әрі қарай жалғастыра бермек.

Айдар Өрісбаев. 

Соңғы жаңалықтар