• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2020

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

181 рет
көрсетілді

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ерғали Сыдымынов арыз-шағым айтып келген Талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесу кезінде дөрекелі сөйлеген. Бейне жазба әлеуметтік желіде желден де жылдам тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айрықша назар аударды.

Ведмоства басшысы Алматы облысы бас санитарының халық алдындағы құрметсіз қылығын мемлекеттік қызметшіге тән емес деп бағалады. Осыған байланысты Ерғали Сыдымыновқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді бастауды тапсырды.

Мәселенің ақ-қарасы анықталып, нақты бағасы берілген соң оның нәтижелері туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа-орталығы ресми сайтта және әлеуметтік желілерде жариялайды.