• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2020

Қытай азаматынан екінші рет коронавирус жұқтыру дерегі анықталды

1469 рет
көрсетілді

Қытайдағы Хубэй провинциясының тұрғыны, 68 жастағы әйел адам COVID-19 індетін екінші рет жұқтырған, - деп хабарлайды Egemen.kz REGNUM Ақпарат агентігіне сілтеме жасап. 

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша ақпан айында ауруға шалдығып, вирустан айыққан әйел  қайталап індет құрығына түскен.  Елдің орталығында орналасқан провинцияның тұрғыны 9 тамызда ауруханаға қаралып, тапсырылған тесттен вирус анықталған. 

Айта кету керек, бұл жағдай ғалымдардың COVID-19-бен ауырған адамдардың бойында антидене тек бірнеше ай ғана сақталады деген тұжырымдарына толық сай келіп тұр.